+
close

Anex құпиялық саясаты:

Anex компаниясы сіздің жеке өміріңіздің құпиялығына байланысты құқығыңызды қорғауға үлкен назар аударуда. Сондықтан, біз сіздің жеке ақпаратыңызға тиянақты қараймыз және тек осы құпиялық шарттарды ұстанып, ал сонымен қатар, жеке ақпараттың қауіпсіздігі мен өңделуін қадағалайтын ұлттық және еуропалық заңдар мен нормативті-құқықтық актілерге сәйкес қолданамыз.

Қандай жеке ақпарат түрлері өңделеді:

Біз сізден тіркелген кезде алынған барлық ақпаратқа жауаптымыз. Бұл ақпараттар қатарына сіздің аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз және электронды пошта адресіңіз, ал сонымен қатар, біздің ақпараттық жіберілімімізге тіркелу туралы немесе жұмысқа алу туралы өтінішіңізде көрсетілген жеке мәлімет жатады. Бұл ақпараттың өңделуі үшін жауапкершілікті Anex компаниясы көтереді. Заңды мекенжайы: Смуликовского көшесі, 1/3, 1-ші блок, Варшава, Польша.

Сіздің жеке ақпаратыңызды біз қалай қолданамыз:

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды сіздің алдыңыздағы міндеттемелерімізді орындау мақсатында және жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін қолданамыз. Сіздің байланыс ақпаратыңызды біздің өнімдерге байланысты қауіпсіздікке қатер туындаған кезде сізге хабар беру үшін; біздің сайтымызда жеке профиль ашқан болсаңыз, оны жүргізуге; ақпараттық және жарнамалық жіберілім тарату үшін қолдануымыз мүмкін. Біз сіздің ақпаратыңызды жоғарыда көрсетілген себебтерге керекті мерзімнен немесе заң бойынша рұқсат етілген мерзімнен артық сақтамаймыз.

Бұл ақпаратқа кім қол жеткізе алады:

Anex компаниясы жеке ақпаратты немесе сіздің жеке ақпаратыңыз бар дерекқорды толықтай немесе жартылай үшінші жаққа ескертусіз келесі жағдайларда беруіне құқылы: біздің сайтымызды жүргізуге алған, иеленген немесе меншікке алған тұлғаларға; Anex компаниясымен байланысты/қосылған тараптарға; осы Шарттарда көрсетілген мақсаттарда сайттың жаңа иесіне; егер бізге сіздің алдыңыздағы міндеттемелерімізді атқару үшін қажет кезде, бірақ заңға қайшы келмеген жағдайда, басқа пайдаланушыларға (жеке де, заңды да тұлғаларға).

Сіздің жеке ақпаратыңызды біз қалай қорғаймыз:

Сіздің жеке ақпаратыңыздың жоғалу, ұрлану және рұқсатсыз қол жеткізу қатерінен сақтау үшін біз техникалық және ұйымдастыру шараларын қолдандық. Техникалық даму және жаңа технологиялардың пайда болуына орай біз де қауіпсіздік шараларымызды әрдайым дамытуға тырысамыз. Сонымен қатар, біз сізге электронды ақпарат тасығыштарыңыздың сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңізді ұсынамыз.

Басқа веб-сайттарға сілтемелер:

Біздің сайтта басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Мұндай сілтемелер тек қана ақпараттық мақсатта көрсетілген және олар бізге берілген мәліметті толықтай ашуға немесе суреттеуге көмектеседі. Біз басқа сайттарда орналастырылған мәліметтің толықтығына және растығына кепіл бермейміз. Басқа сайттардың Қолдану ережелері мен Құпиялық шарттары өзгеше болуы мүмкін. Біз басқа сайттардың мәлімет орналастыруына да, соның ішінде біздің сайтқа сілтеме қолданса да, қолданушылар туралы ақпарат жинау мен қолдануына да байланысты іс-әрекеттеріне жауапкершілік көтермейміз. Басқа сайтқа сілтеменің болуы мұндай сайттың расталған ақпарат көзі болуына кепіл бермейді.

Жеке ақпараттардың субъектінің құқықтары:

Жеке ақпараттардың орналасқан жерін, оның мақсаты мен атауын, бұл жеке ақпараттарды иеленуші не басқарушының орналасқан жері не мекенжайын білуге немесе бұл мәліметті алу мақсатында жауапты тұлғаларға тапсырма беруге (заңнамада көрсетілген жағдайлардан басқа); жеке ақпаратқа қол жеткізу шарттары туралы мәліметті, оның жеке ақпараты берілген үшінші жақтар туралы мәліметтерді алуға; өз жеке ақпаратына қол жеткізуге; оның жеке ақпараты белгілі бір дерекқорда орналасуы туралы сұраққа сұратудың түскен уақытынан отыз күнтізбелік күннен кем мерзімде жауап алуға (заңнамада көрсетілген жағдайлардан басқа) және орналастырылған жеке ақпараттың мазмұнына қол жеткізуге; өз жеке ақпаратының өңделуіне қарсы дәлелді наразылық танытуға; егер жеке ақпарат заңсыз түрде өңделсе немесе жалған көрсетілсе, өз жеке ақпаратын өзгерту немесе жою туралы дәлелді талап етуге; өз жеке ақпаратын заңсыз өңделуінен және абайсызда жоғалуынан, жойылуынан, әдейі жасырылуына, уақытында немесе мүлдем берілмеуіне байланысты зақымдануынан қорғауға, сонымен қатар, жеке тұлғаның абыройын не іскери беделін жаман атқа қалдыратын мәліметтерден қорғануға; мемлекеттік билік мекемелері мен жеке ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету міндеткершілігі бар лауазымды тұлғаларға немесе сотқа жеке ақпараттардың өңделуіне байланысты наразылықпен шағымдануға; жеке ақпаратты қорғау туралы заңнама бұзылған жағдайда құқықтық қорғау тәсілдерін қолдануға; келісім беру кезінде жеке ақпараттың өңделуі құқығын шектеуге байланысты алдын-ала ескертулер енгізуге; жеке ақпараттың өңделуіне келісімді қайтарып алуға; заңнамаға сәйкес басқа да құқықтары бар.

Мұндай сұратуларды бізге жазбаша түрде төменде көрсетілген электронда пошта адресіне жібере аласыз: office@anexbaby. com немесе кәдімгі пошта арқылы келесі мекенжай бойынша: Ideo Group, Смуликовского көшесі, 1/3, 1-ші блок, Варшава, Польша.

Cookie-файлдар:

Сайттың жұмыс істеу барысында қауіпсіздік міндетінің атқарылуын қамтамасыз ететін cookie файлдары қолданылады және сақталады. Сайтта сақталып, сайт келушілері қайтадан кірген кезде қолданылатын ақпарат қатарына қарау тілі, авторизациядан өткен кезде қолданылатын мәлімет, орналасу жері және веб-парақшаларды қарау кезіндегі ұстанымдар туралы ақпарат жатады. Оған қоса cookie файлдары сайтқа келушілерге құпиялық саясатының және сайтты қолдану ережелерінің бұзылуын байқауға мүмкіндік береді.

Сіз cookie файлдарының сақталуына байланысты ұстанымдарды өз браузеріңізде өзгерте аласыз.

Жеке Мәлімет Қорғау туралы Ортақ Реттеме

Жеке мәлімет қорғау туралы ортақ реттеме (GDPR) жеке тұлғалардың өз жеке мәліметтеріне байланысты белгілі құқықтарын анықтайды. Бұл реттемеге сәйкес, біздің  Құпиялылық баптамалар пайдаланушыларға осы құқықтарды қолдануға көмектеседі. Қолданыстағы заңнамаға қарсы келмеген жағдайда, жеке тұлғалардың келесі көрсетілген құқықтары анықталады:

Мәліметке қолжеткізу құқығы – біз өңдеп жатқан сізге қатысты барлық ақпаратты білуге және оған қолжеткізуді сұрату құқығыңыз;

Қателікті дұрыстау құқығы – сіздің жеке ақпаратыңыз қате немесе толық емес болған жағдайда оны дұрыстау немесе жаңартуды сұрату құқығыныз;

Мәліметті жою құқығы – сіздің жеке мәліметіңізді кетіруімізді сұрату құқығыңыз;

Шектеу қою құқығы – сіздің жеке мәліметіңіздің бөлігін немесе барлығын өңдеуді уақытша немесе толықтай тоқтатуымызды сұрату құқығыңыз;

Наразылық құқығы – кез келген уақытта, сіздің нақты жағдайыңызға байланысты, сіздің жеке мәліметіңіздің өңделуіне наразылық көрсету құқығыңыз; сіздің жеке мәліметіңіз тікелей маркетинг мақсатында қолданылуына наразылық көрсету құқығыңыз;

Мәлімет жылжыту құқығы – сіздің жеке мәліметіңіздің электронды нұсқасының көшірмесін сұрату құқығыңыз және сол жеке мәліметтерді басқа да үшінші жаққа қолданысқа беру құқығыңыз; және Автоматты Шешім қабылдауға ұшырамау құқығы – тек қана автоматты шешім қабылдауға негізделген шешімге ұшырамау құқығыңыз, оның ішінде сізге заңды әсер немесе осы секілді басқа да елеулі ықпал келтіру мүмкіндігі бар кескінділеуге ұшырамау құқығыңыз бар.

Осы құқықтарыңызды толықтай қолданып, біздің сайтымыздағы сіздің жеке мәліметіңізді қалай қолданатымыз туралы баптамаларды белгілегіңіз келсе, біз сіз үшін <Құпиялылық Саясат> парақшасында керекті нұсқаулықтарды дайындадық.

Бізбен Байланыс, Бесік Арбаңызды Жүктеу - бұл парақшаларда сіздің мәліметіңіздің қай түрлерін біз өңдей алатынымызды белгілей аласыз.

Егер сіздің мәліметтеріңіздің құпиялылығы, сіздің құқықтарыңыз немесе оларды қалай қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, Бізбен Байланыс парақшасы арқылы бізге хабарласуыңызға болады. Біз сіздің тұлғаңызды тексергеннен кейін орынды уақыт мерзімі ішінде сізге жауап береміз.

Құпиялық шарттарына өзгертулер енгізу:

Кей-кезде біздің құпиялық шарттарымызға өзгертулер енгізілуі мүмкін. Өзгертулер бұл сайтта жарияланатын болады.