Қызмет көрсету орталығы

Егер тағы да сұрақтарыңыз бар болса, сарапшының кеңесі немесе басқа бірдеңе керек болса, өз еліңіздегі біздің қызмет көрсету орталығымызға хабарласыңыз. Телефон мен пошта — осында.

Нұсқаулықтар мен каталогтар

Бірде-бір адам, бірде-бір өндіруші компания нақты тірлікте қандай жағдай орын алатындығын алдын ала нақты білуге қабілетсіз.

Біздің сүйемелдеу үнемі сізбен бірге және де Anex мамандары сатып алумен, жеткізумен және сервиспен байланысты болатын кез келген проблеманы шешіп беруге даяр!

Сұрақтар мен жауаптар

Біз өте кең тараған сұрақтарға жауап беріп қойдық. Қараңыз, мүмкін мына жерден сіз өзіңіздің сұрағыңызға жауап табарсыз.

Anex барлық арбалары Польшада өндіріледі.
Anex арбаларының барлық модельдері баланың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін экологиялық тұрғыдан таза, жоғары сапалы, гипоаллергенді материалдардан жасалады. Бұл халықаралық ISO 9001 сертификаты мен кеден одағының ЕАС сертификатының болуымен куәландырылады.
Құрылған сәтінен бастап компания Әу-бастан-ақ біз басқалардың модельдерін ойланбастан көшірмелеуден қағидатты түрде бас тарттық, әрі өзіміздің күш-жігерімізді жоғары сенімділікке ие болатын әрі еуропалық сапа мен эксклюзивті дизайнымен ерекшеленетін қайталанбас арбалар шығаруға бет бұрдық.
Anex сәби арбалары — классикалық дәстүрлердің, айрықша сәнді дизайн мен жаңашыл техникалық шешімдердің үйлесімді үндестігі. Біз Comfy Stop бірегей тежеу жүйесімен, жиырылып қалудан қорғауды эксклюзивті жүйесімен, Safe Walk инновациялық кешенімен және үздік еуропалық әзірлеушілердің басқа да жетістіктерімен жарақтап отырмыз.
Арбалардың модельдері бойынша барлық ақпарат «Нұсқаулықтар және каталогтар» бөлімінде жазылған.
Anex компаниясынан сатылып алынған әрбір арбада өндірушінің ресми кепілдігі бар болады. Толығырақ ақпаратты біздің мамандарымыздан алатын боласыз.
Тапсырыс түскен бетте жақын арада біздің менеджер барлық детальдарды нақтылап алу үшін байланысқа шығады: тапсырыстың құнын және оның қоймада болуын растау, жеткізілетін жері мен уақытын келісіп алу.
Көптеген қалаларға екінші күні жеткізіліп беріледі. Алыстағы елді мекендерге жеткізіп берудің мерзімдері тасымалдаушы компаниялардың жұмыс режиміне байланысты болады әрі шамалы көбейтілуі мүмкін.
Жеткізу өзіңізге ыңғайлы тәсілмен жүзеге асырылады. Жеткізудің уақыты мен тәсілі жекеше талқыланатын болады.
Бүлінген жағдайында сіз біздің сервистік орталығымызға жүгіне аласыз. Оның сипатына қарамастан, біздің тәжірибелі шеберлеріміз қысқа мерзімдер ішінде бүлінген детальдарды жөндейді немесе айырбастап береді.
Барлық жұмыс түрлеріне және де орнатылған детальдардың өзіне компания толыққанды кепілдік бере алады..