
АҚШ-тан асырап алу тарихы
Бала асырап алу махаббаттан басталады. Балаларға деген сүйіспеншілік, олардың бақыты мен болашағына қамқорлық таныту. Қазіргі таңда миллиондаған балалар әлі де сол сүйіспеншілікті күтуде, бірақ қорқыныш пен күмән олардың қалауларын


Бала асырап алу махаббаттан басталады. Балаларға деген сүйіспеншілік, олардың бақыты мен болашағына қамқорлық таныту. Қазіргі таңда миллиондаған балалар әлі де сол сүйіспеншілікті күтуде, бірақ қорқыныш пен күмән олардың қалауларын іске асыруға жол бермейді. Біздің міндетіміз - сол жалған қорқыныш пен күмәнді жою.
Райли мен Кейша бір-бірін жолықтырмастан бұрын, бала асырап алуды қалайтын. Олар үшін бұл тақырып табиғи нәрсе және қай жағынан алсада өте жақын болатын. Палмерлердің айтуы бойынша, бала асырап алу олардың қанында бар нәрсе.
Бірнеше жыл өздігінен жүкті болуға тырысып көргенімен, Райли мен Кейша бала асырап алу өздері ойлағаннан әлдеқайда ерте болатынын түсінді. Леммон, Ханни және Магнолия әрең дегенде үйге келген кездегі олардың ішкі жан дүниесін ұялаған тыныштықты олар әрқашан есте ұстайды. Құдды олар бұл қыздарды бұрыннан білетіндей. Бұл қыздар көптен бері жетпей тұрған пазлдың бір бөлшегі тәрізді.
Әр кездегі бала асырап алу уақыты әр түрлі еді. Леммонды 2 ай күтті, Ханниді 11 ай, Магнолояны 4 апта күтті. Карантин кезінде отбасыға ең кішкентай қыз қосылды. Олардың әпкелері ауруханаға бара алмағандықтан, олардың қауышу сәті үйде өтті. Бұл сәтте бар әлем бір мезетте жоқ боп кеткендей болды, және олардың дәл сол сәттегі бақытты шақтарын еш нәрсе алмастыра алмады.





