Black strollers from Anex

Қара түсті Anex балалар бесік арбалары - ұлдарға да, қыздарға да сәйкес келетін бейтарап түсті әмбебап нұсқа болып табылады. Қара классикалық түс болып саналады, оның реңктері ыңғайлы әрі стильді. Бұл нұсқа ашық түс пен әртүрлілікті ұнатпайтын ата-аналар үшін өте қолайлы.

Қара түсті бесік арбалардың өзіндік ерекшеліктері болады: 

  • матасы үнемі тазалауды қажет етпейді;
  • ультракүлгін сәулелерден қорғаудың жоғары деңгейі;
  • сыртқы пішіні ерекше стильді; 
  • жәндіктердің назарын аудармайды.

Қара түсті бесік арбалардың қайсысын ұсынамыз? 

Anex бесік арбаларының барлық модельдерінің қара түсі бар. Мысалы, жаңа туған сәбилерге арналған келесі қара түсті бесік арбалар: 

1. Anex m/type - кез келген жолда күнделікті серуендеуге арналған 2-і 1-інде бесік арбасы. Ұйықтауға арналған ыңғайлы орны, серуендеу блогының реттелмелі арқалығы және аяқ тақтасы, жиналмалы жақтауы, мультитұтқасы, үш есе амортизациясы, 360° айналмалы дөңгелектері бар.

2. Anex e/type – талғампаздық пен ыңғайлылықты тамаша үйлестіретін 2-і 1-інде эко-былғары бесік арба. Ата-аналар үшін сенімді, ал балаларға ыңғайлы. Бесік арба бір қолмен оңай алынады. Серуендеу блогының арқалығы, тұтқасы және табан тірегі реттеледі, жақтау ықшамдалып бүктеледі. Алдыңғы және артқы дөңгелектерді бір рет басу арқылы оңай ажыратуға болады.

3. Anex l/type – функционалды және ыңғайлы трансформер-бесік арба. Онда балаға қажеттінің бәрі бар. Үлкен себеті мен күләпарасы, екі еселенген амортизациясы мен желдеткіші де бар. Аспалы бесікті оңай алып тастауға және бүктеуге болады, жақтау да отырғышпен бірге жиналады.

4. Anex Quant - экологиялық таза матадан (қайта өңделген пластик) жасалған 2-і 1-інде бесік арбасы. Өлшемі ықшамды, алдыңғы жақтауындағы жарықдиодты жарықтандыруы, шағылыстыратын жазулары, жадты эффектісі бар матрасы және т.б. бар. Барлық функцияларға бір қолмен қол жеткізуге болады.

5. Anex Air-X - саяхаттауға өте ыңғайлы, серуендеуге арналған бесік арба. Ол тасымалдауға арналған арнайы сөмкемен, аяқ тіреуішпен, алынбалы бампермен, 5 нүктелі қауіпсіздік белдіктерімен толықтырылған.

6. Anex Air-Z - барлық жағдайларға арналған бесік арба. Бір қолмен оңай бүктеледі. Туылғаннан бастап 22 кг-ға дейінгі балаларға жарамды. Орындығы ықшамды бесік секілді нәрестеге ыңғайлы  қалыпқа айналады. Матасы оңай алынып, жуылады. Баланың басын ұстап тұру үшін U-тәрізді жастық жиынтыққа кіреді.

Барлық модельдер сырттағы ауа-райына қарамастан кез келген ауа-райында пайдалануға жарамды. Жазда бала бесік арбаның ішінде қызып кетеді деп қорқудың қажеті жоқ, өйткені барлық Anex модельдері ыңғайлы микроклиматты қамтамасыз ететін желдету жүйесімен жабдықталған. Осылайша, балаға қыста суық болмайтыны сияқты, жазда ыстық болмайды.

Егер сізге қара түс ұнамаса, біз басқа түстердің үлгілерін ұсынамыз: ақшыл сары, көк, көгілдір, карамель, сұр, сары, түрлі-түсті және т.б. Екі немесе одан да көп түстерді біріктіретін бесік арбалар дара болып табылады.

Black strollers from Anex
Black strollers from Anex
Black strollers from Anex
Black strollers from Anex
Black strollers from Anex

Anex қара түсті балалар бесік арбасын қайдан сатып алуға болады?

Сіз біздің ресми дилерлерден жоғары сапалы бесік арбаға тапсырыс бере аласыз. Олардың мекенжайлары мен байланыс нөмірлері парақшаның «Қайдан сатып алуға болады» бөлімінде көрсетілген. Қалқымалы тізімнен қалаңызды таңдап, «Дүкенді табу» түймесін басыңыз. Сіз өзіңіздің аймағыңыздағы барлық жеткізушілердің тізімін аласыз. Сонымен қатар, сіз өзіңіздің еліңізде тапсырыстарды жеткізетін интернет-дүкендердің қызметтерін пайдалана аласыз.

Аксессуарлардың барлық түрлерін қосымша сатып ала аласыз: москит торы, жаңбыран қорғағыш, аяққап, қысқы конверт, көрпе, қолға арналған муфта және т.б. Көптеген аксессуарлар бесік арба жиынтығымен бірге тегін жеткізіледі. Сіз біздің парақшадан  ассортиментпен танысып, ыңғайлы нұсқаны таңдай аласыз. Барлық шағымдар мен ұсыныстар Контактіде көрсетілген телефондар арқылы қабылданады.

Black strollers from Anex
Black strollers from Anex
Black strollers from Anex

Сонымен қатар

child with laptop

Anex компаниясы жайлы барлық ақпараттан хабардар болыңыз

Біз сіздің тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз

Көбірек білу үшін