Story of Adoption from France
Anex logo
Story of Adoption from France

Бренд ретінде әрі отбасы ретінде біз түрлі миссияны басшылыққа аламыз. Жаңа әлемге есік ашатын және балалары үшін тұтас бір әлем бола білетін батыл ата-аналарды қолдаймыз. Әсіресе отбасындағы балалар өмірге келген сәттен бірге өсіп келе жатпаса.

Ноэль отбасымен бірге печенье пісіру – біз бастан кешкен ерекше әсерлі оқиғалардың бірі болды. Николас пен Клотильда тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі ерекше қажеттіліктері бар, асырап алынған балалар.

Францияда мүмкіндігі шектеулі балалардың басым бөлігі өз отбасыларын күтеді. Николас пен Клотильда балаларға көмектескісі келді, ал олардың ерекшелігі балаларды үлкен махаббатқа бөлеуге қосымша себеп. Мари, Фредо мен Мари-Гаранс өз «отбасын» бір көргеннен таныды. Фредо екі жарым жаста еді. Ол ата-анасын қолынан жетектеп, «Кеттік! Сендер мені алып кету үшін келдіңдер ғой» деді.

Мұндай балалар стереотиптермен өмір сүрмейді. Олардың ерекшелігі әлемді басқаща қабылдауға, жасампаздыққа және өзгеше ойлауға мүмкіндік береді. Мариді алғаш көргенде Бодуэн есімді үлкен ағасының кішкентай қызға жып-жылы ықыласы оянды. Қыз бала оның көзіне сұлу боп көрінді, Даун синдромы деген қателік болуы керек.  

Story of Adoption from France
Story of Adoption from France
Story of Adoption from France
Story of Adoption from France
Story of Adoption from France
Story of Adoption from France Story of Adoption from France

Николас пен Клотильданың сүйікті естелігі – үлкен балалар тағы бір бала асырап алуды өтінгені. Балалардың осы өтініші бойынша отбасына Фредо қосылды. Балалар махаббаттың ұлы күш екенін үлкендерден жақсы түсінеді. Махаббат барлық қиындықты жеңеді.

Ал отбасы мен достарының реакциясы таңқалдырды. Олардың кейбірі қатты сөздер айтып, оғаш қылықтар көрсетті. Бұл Ноэль отбасы үшін ауыр соққы болды, сөйте тұра отбасының бірлігін арттырды. Мари, Фредо мен Мари-Гаранс кішкентай магнит секілді жарық нұрды өздеріне қарай тартады. Солардың арқасында Ноэль отбасында ғажап адамдар және көп қуаныш болды.

Ноэль отбасының кеңесі:

"Әрбір сәтті сезініп өмір сүріңдер. Қысымсыз, ойдан шығарылған мақсаттардың соңынан кетпеңдар. Балаларыңыздың қалауын түсініңіздер. Бастысы балаларды өз ойымыздағыдай етуге тырыспай, сол күйінде қабылдау керек".

Story of Adoption from France

Сонымен қатар