Story of adoption from the UK
Anex logo
Story of adoption from the UK

Әлемде екі бірдей отбасы болмайды. Олардың әрбірі көлемі мен көрінісі жағынан әртүрлі. Тіпті балалардың күлкісі немесе терілерінің түсі ата-аналарына ұқсамағанымен олар тұтас бір отбасы бола алады. Anex ата-ана болуды сәндей түседі. Сондықтан да біз ата-ана болудың тамаша тәсілінің бірі ретінде бала асырап алуды қолдаймыз.

Феяза мен Роберт бала асырап алу жайлы екінші кездесуден кейін-ақ сөз қозғады. Феяза Оңтүстік-Африка Республикасында дүниеге келген және есейген шағында ЖИТСмен ауыратындарға арналған балалар үйінде ерікті болды. Өз кезегінде Роберт ФИФА қолдауымен Африкадағы балалардың өмірін жақсартуға көмектесті. Бұндай тәжірибе із қалдырмауы мүмкін емес. Бастапқыда тек өзі үшін, ал кейін бірлесе отырып, Феяза мен Роберт бала асырап ала отырып отбасын құруға бел буды.    

Олар Деми мен Дестинидің несімен баурап алғандарын әлі күнге түсінбей келеді. Ақпарат жоқтың қасы еді, алайда жүрек елең етті. Сөйтіп кішкентай екі қыз жайлы көбірек ақпарат білгілері келді. Алғашында Феяза мен Роберт бөтен балаларды қарап жүргендей сезімде болды. «Ана» және «әке» деген сөздер ерсі болып естілетін. Алайда бөлу үйіндегі кездесуден кейін Феяза мен Роберт ерекше таң қалды. Олар кішкентай қыздарын үйлеріне апаруға асықты.    

 Шын мәнінде осы бір бақытты отбасының көптеген қиындықты жеңіп шықты дегенді елестетудің өзі қиын. Деми мен Дестинидің ұйқысыз таң атыратын кездері болды. Олар сағат сайын түстерінен шошып, айқайлап оянатын. Сөйлеу қабілетінде қиыншылықтар болды. Деми мен Дестини сөйлей алмайтын. Алайда Феяза мен Роберт қол қусырып отырмады, себебі олар кішкентай қыздарды бақытты еткілері келді.

Story of adoption from the UK
Story of adoption from the UK
Story of adoption from the UK
Story of adoption from the UK
Story of adoption from the UK
Story of adoption from the UK Story of adoption from the UK

 Олар РАСЕ (Қылықтылық, Қабылдау, Білуге құмарлық және Эмпатия) әдістемесі бойынша терапевтикалық тәрбиелеу әдісін ұстанды. Бұл әдіс ата-аналар мен балалардың бір-бірін жақынырақ білуге, қарым-қатынастарын жақсартып, қауіпсіздікті сезінуіне көмектеседі. РАСЕ әдісін ұстанып  ата-ана болу мен жиі бауырға құшудың арқасында Деми мен Дестини саналы, мейірімді және үнемі жанында болғың келетіндей көңілді адамдарға айналды. 

Хан-Гиллер отбасының берген кеңесі:

"Әрбір отбасында қиын және көңілді сәттер болады. Балаларыңызға силаған өмір олардың өткен өмірінен әлдеқайда қанық болуы керек. Сіздер олардың жаңа өміріне бағыт, бағдар беріп, сүйемелдеп отырасыздар. Мұндай жауапкершілікті бағалай біліңіздер». 

Story of adoption from the UK

Сонымен қатар