Story of adoption from the USA
Anex logo
Story of adoption from the USA

Бала асырап алу махаббаттан басталады. Балаларға  деген сүйіспеншілік, олардың бақыты мен болашағына қамқорлық таныту. Қазіргі таңда миллиондаған балалар әлі де сол сүйіспеншілікті күтуде, бірақ қорқыныш пен күмән олардың қалауларын  іске асыруға жол бермейді. Біздің міндетіміз  - сол жалған қорқыныш пен күмәнді жою. 

Райли мен Кейша бір-бірін жолықтырмастан бұрын, бала асырап алуды қалайтын. Олар үшін бұл тақырып табиғи нәрсе  және қай жағынан алсада өте жақын болатын. Палмерлердің айтуы бойынша, бала асырап алу олардың қанында бар нәрсе. 

Бірнеше жыл өздігінен жүкті болуға тырысып көргенімен, Райли мен Кейша бала асырап алу өздері ойлағаннан әлдеқайда  ерте болатынын түсінді. Леммон, Ханни және Магнолия  әрең дегенде үйге келген кездегі олардың  ішкі жан дүниесін ұялаған тыныштықты олар әрқашан есте ұстайды. Құдды  олар бұл қыздарды  бұрыннан білетіндей.  Бұл қыздар көптен бері  жетпей тұрған пазлдың бір бөлшегі тәрізді. 

 Әр кездегі бала асырап алу уақыты әр түрлі еді. Леммонды 2 ай күтті, Ханниді 11 ай, Магнолояны 4 апта күтті. Карантин кезінде отбасыға ең кішкентай қыз қосылды. Олардың әпкелері ауруханаға бара алмағандықтан, олардың қауышу сәті үйде өтті.  Бұл сәтте бар әлем бір мезетте жоқ боп кеткендей болды, және олардың дәл сол сәттегі бақытты шақтарын еш нәрсе алмастыра алмады. 

Story of adoption from the USA
Story of adoption from the USA
Story of adoption from the USA
Story of adoption from the USA
Story of adoption from the USA
Story of adoption from the USA Story of adoption from the USA

Қуаныш пен үлкен махаббаттан басқа, Райли пен Кейшаның көрген қиыншылығы да аз емес еді. Олар балаларының биологиялық отбасымен байланыс ұстап тұру үшін,  толық немесе  жартылай толық асырап алуды қалады.  Бірақ, бағып алған ата-ананың қалауына қарамастан, шешімнің қандай болуы  биологиялық отбасының шешіміне толығымен байланысты болды.   Алайда, бәрі жақсылықпен аяқталды -  енді бұл кішкентай балалардың жақындары екі есеге көп болды.  

Пальмер отбасының берген кеңесі:

"Бұл процесте шыдамды болуға тырысыңыз! Сіздің балаға барар жолыңыз, онымен танысу, биологиялық ата-анасымен   қарым-қатынас, осының барлығы әр заттың  өз орнын тапқаны тәрізді, бала асырап алу да белгілі бір уақытты талап етеді.   Бәрі жақсы болуы керек. Сондықтан шыдамды болыңыз және бәрі болуы керек кезде  болатынын біліңіз".

Story of adoption from the USA

Сонымен қатар